Здравствуйте, прошу помочь с заданиями. (возможно за непросто так)

ІХ НҰСҚА

І деңгей тапсырмалары
1.1. Берілген етістіктерді жедел өткен шақта жіктеңіз және аударыңыз.
Тілеу, сәлемдесу, қойғызу, ұнату, қа(ғ)у.
1.2. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.
Мои часы сломались. Наши соседи переехали. Мы закончили убирать дома. Мы покупаем овощи и фрукты на базаре. Студенты закончили переводить предложения на казахский язык. Жомарт сюда переехал в начале осени. Мы не готовились к уроку. Вы раньше не шили красивую одежду.
1.3. Етістіктердің шағын анықтап, болымсыз түрде жазыңыз.
Сәрсен сабағын жақсы оқитын. Сендер футбол ойнына қатысарсыңдар. Сіздер ақылдасып отырсыздар. Жазда ауылда демалармын. Кешке теледидардан «Дударай» бағдарламасын тамашалаймын. Университет бітірген соң магистатураға түскім келеді. Мен былтыр Мәскеуде болғанмын. Сіз кешігіп қалдыңыз. Қыздар қазір би билеп, ән салып жатыр.

ІІ деңгей тапсырмалары

Ұлттық теңгеміз туралы

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих жатыр. Біздің еліміз үшін 20-ғасырдың маңызы зор. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды көрсететін рәміздеріміз – Елтаңба, Әнұран, Туымызбен бірге тағы бір белгі - ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993-жылы 15-қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторлары –қылқалам шеберлері Қ.Ғабжалилов пен М.Әлин. Қазақстан теңгесі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктерімен жасалған. Теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні тек арнайы аспаппен ғана байқауға болады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын,біріншіден, айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден, мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр.
2.1. Мәтінді аударыңыз.
2.2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. 20-ғасыр біздің еліміз үшін неге маңызды?
2. Мемлекеттік рәміздерімізді атаңыз.
3. Теңгенің авторлары кімдер?
4. Алғашқы теңге қайда, қалай жасалды?
5. Теңгенің құнсыздануы неге байланысты болып отыр?
2.3. Төмендегі сөз тіркестерін пайдалынып, сөйлем құраңыз.
Үлкен тарих; тәуелсіздіктің белгілері; құпия белгі; аспаппен ғана байқауға болады; ақшаның құнсыздануы.
2.4. Төмендегі жай сөйлемдерден жалғаулықтар арқылы құрмалас сөйлем жасаңыз.
1. Сабақ басталды. Студенттер кешігіп келді.
2. Айнұр классикалық әдебиетті оқымайды. Оның құрбысы жаңа өнер түрлеріне қызықпайды.
3. Бүгін ағамның туған күні. Сәуле қандай көйлегін киерін білмей жүр.
4. Менің жан дүнием терең тебіренді. Асқар орындаған күй өте әсерлі екен.
2.5. Қазақ тіліне аударыңыздар.
1.В то время, когда ты читаешьтекст, Арман пишет предложение на доске.
2.Мы долго стояли на перроне, потому что поезд опоздал.
3. Когда наступит лето, мы поедем в деревню.
4. Әсел был дома, как будто знала, что я приду.


Загрузить картинку
Не нашёл ответ?

Если тебя не устраивает ответ или его нет, то попробуй воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Найти другие ответы

ПОИСК ПО САЙТУ



ПРЕДМЕТЫ

Показать ещё